Петиция! Мұнайшылар жалақысын көтерілуін талап етеміз!

Telegram-канал
Петиция! Мұнайшылар жалақысын көтерілуін талап етеміз!

3482 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 3445
Петицияға қарсымын 37

5.04.2022, авторы Арман Кульжанов.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Вэй Юйсянға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жұмысшыларынан.

Ашықхат!

Біз, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жұмысшылары мұнайшылар жалақысының көтерілуін, еңбек жағдайын жақсарту, атап айтқанда: жатақханалардың жөнделуін, тамағымыздың сапасы, жатар орындарымыздың санитарлық нормаларға сай болуын, жеке қорғану құралдары, жұмыс құралдарымыздың сапалы болуын, кәсіподақ төрағаларының ашық түрде (көптеген жылдар бойы жасырын түрде Жұмыс берушінің мүддесін қорғайтын, өздеріне қолайлы адамдарды сайлап алатынына наразылығымызды білдіре отыра) сайлануын және де жұмысқа алу кезінде мұнайлы өңірдегі жергілікті тұрғындардың алынуын талап етеміз!

Құрметті Президент!

Сіздің жолдауыңызды барша Ақтөбелік мұнайшылар болып қолдаймыз! Жаңа Қазақстанға біз де жаңа қарқынмен, жаңа идеялармен, жаңа күшпен кіріскіміз-ақ келіп отыр, бірақ алдымызда көптеген кедергілер тұнып, алға басуға жібермей тұр. Ақтөбедегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционердік қоғамында жалақы басқа өңір мұнайшыларының жалақысына қарағанда әлде қайда төмен екені баршаға мәлім, ол аздай азық-түлік, коммуналдық қызмет, студент балаларымызды оқыту, баспана бағалары шарықтап тұр. Ал осы мекемеден алатын жалақы өмір сүру қажеттіліктеріне сай келмейді. Жыл сайын жалақы көтерілгендей болады, бірақ қарапайым жұмысшыға сезілмей қалады, өйткені барған сайын инфляцияға ұшырайды. Жергілікті жұмысшылардың жалақысы мен шетелдік жұмысшылардың жалақысының айырмашылығы жер мен көктей. Орта есеппен алғанда біздің жалақымызды 350 мыңнан асырып көрсетеді, бұл есеп дұрыс емес! Мысалы, қарапайым жұмысшы бір айда 15 күн өз отбасын көрместен, денсаулыққа зиян мұнай кен орнында жүріп, күндіз-түні жұмыс жасап табатыны шамамен - төменгі разрядпен 180 мың, ал жоғары разрядпен 250 мың.

Қаражатымыз айлықтан айлыққа жетпей қиналып қалатын кездеріміз соңғы уақытта көп болып кетті. Одан қалды қазақ отбасыларының 90 пайызы несие төлеп отыр.

Ең сорақысы – мұнайлы жерде отырып бала-шағамызды, өз-өзімізді асырай алмай әрең күн көруіміз жанымызға батады. Жергілікті биліктегілер болса, өз қалталарын толтырудың қамын ойлап, инвесторлардың жағдайын жасайды.

Қарапайым түзу жолмен жүріп, өзімізге тиесілі жалақыны сұрап өтініш жазсақ басшылардың тарапынан қудаланамыз, «шаш ал десе, бас алатын» жандайшап қазақ басшылары дайын тұрады. Оқыту, біліктілікті көтеру мәселесі де ақсап тұр. Алды 6-8 жыл, тіпті одан да көп жылдар бойы оқу көрмеген жұмысшылар баршылық. Батыс өңіріндегі басқа мұнайшылардың жағдайы мен жалақысын алсақ, біздің Ақтөбе мұнайшыларының жағдайы да, жалақысы да салыстыруға келмейді.

Біз, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшылары, Сізден мемлекет басшысы ретінде, жоғарыда аталған мәселелерді шешіп беруіңізді өтініп сұраймыз! Біз Сізге үлкен сенім артамыз! Жаңа Қазақстанға Сізбен бірге жаңалық енгізуге, аянбай еңбек етуге, жаңа Қазақстанды бірге құруға дайынбыз!

Құрметпен, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшылары.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Петиция! Семипалатинск қаласының атауы Алаш деп өзгертілсін!

20 қол қойған

1.06.2023

Петиция! Мектептегі білім беруді өзгертуді талап етеміз!

22297 қол қойған

19.05.2023

Орталық пен Батыстың тас жолы туралы петиция

5691 қол қойған

21.04.2023

ALASH online » Барлық петициялар » Петиция! Мұнайшылар жалақысын көтерілуін талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online