Петиция! 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болуын талап етеміз!

Telegram-канал
Петиция! 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болуын талап етеміз!

135 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 135
Петицияға қарсымын 0

Құрметті Қазақстан Республикасының Таеквондо Федерациясының президенті Ким Вячеслав Константинович, барлық ата-аналар атынан, 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатының болуын талап етеміз.

2021 жылы балаларымыз Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып өте жақсы нәтиже көрсетті, сонымен қатар балалар үлкен спорт әлемінде жақсы ынта алып әрі қарай әлем чемпионатына қатысуына ынта туды.

2022 жылы «Балалар жылында» чемпионатты тосып жүрген балалардың үмітін үзбей қатыстыруыңызды өтінеміз. Спорт балаларымызды өсіп-өнуімізге үлкен үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайтып, күш қуатын арттырып баланың жақсы жаққа тәрбие алуына, жаман жолға түспеуге үлес қосары анық.

Ал балаларды қолдап жүрген ата-аналар жарыс жарнасын төлеуге әзірміз. 2022 жылдың 12-17 қыркуйекте Түркістан қаласында болуын талап етеміз. Ұрпақ тәрбиелеу біздің болашағымыз. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты болуына үлес қосу бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз!

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

6.08.2022, авторы Амантауова Еркежан Қайырғалиевна.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Петиция! Шаруалар мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылсын!

12882 қол қойған

11.11.2022

Әкімшілік Кодекстің тілге қатысты бөлігін қалыпқа келтіру туралы петиция

10855 қол қойған

23.10.2022

Петиция! Форт-Шевченко атауы Ақкетік болып тарихи атауына қайтарылсын!

2647 қол қойған

6.08.2022

ALASH online » Барлық петициялар » Петиция! 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болуын талап етеміз!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online