Петиция! Шаруалар мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылсын!

Telegram-канал
Петиция! Шаруалар мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылсын!

12882 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 12808
Петицияға қарсымын 74

Әділетсіз сот, лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі, рейдерлік мақсатта жемқорлық, шаруашылық жүргізуге кедергі ету қазақ шаруаларының қазіргі күнделікті көріп жатқан қорлығына айналды. Кландық және олигархаттық заңсыз әрекеттерге жергілікті биліктің көз жұма қарауы ауылшаруашылық саласына үлкен нұқсан келтіріп, оны болшағынан айырып, әлеуметтік шиеленіс тудыруға әкелуде.

Президент, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде Әділетті Қазақстан құру курсы туралы айтып келеді. Біз Қазақстанның әділетті болғаның қолдаймыз. Әділеттілік - ең жоғарғы құндылық және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі құқықтық реформаның кепілі.

Осы күнге дейін «SHOPAN ATA» ұлттық агроқозғалысына жүздеген мың адамдардың мүддесін қозғайтын мыңнан астам өтінім түсті. Алайда, мәселелердің шешілу қарқыны төмен, тетіктердің әлсіздігі бұл салада жүйелі жақсарту жасауға мүмкіншілік бермей отыр.

Осыған орай, ҚР Жоғарғы Соты, Бас Прокаратура, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі, саланың мүддесін қорғаушы қоғамдық ұйымдар қатысуымен арнайы ЖҰМЫС ТОБЫН құру қажет!

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

11.11.2022, авторы Садырбай Алмазбек Жұмабекұлы.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Әкімшілік Кодекстің тілге қатысты бөлігін қалыпқа келтіру туралы петиция

10855 қол қойған

23.10.2022

Петиция! 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болуын талап етеміз!

135 қол қойған

6.08.2022

Петиция! Форт-Шевченко атауы Ақкетік болып тарихи атауына қайтарылсын!

2647 қол қойған

6.08.2022

ALASH online » Барлық петициялар » Петиция! Шаруалар мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылсын!
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online