Орталық пен Батыстың тас жолы туралы петиция

Telegram-канал
Орталық пен Батыстың тас жолы туралы петиция

5887 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 5846
Петицияға қарсымын 41

21.04.2023, авторы Бекбосын Ербол Ерланұлы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевқа

Біз, орталық және батыс өңірлерінің азаматтары Сізге Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі ретінде жүгінеміз және «Орталық-Батыс» көлік дәлізі жобасын іске асыру құрылысын биылғы жылдан қалдырмай кезең-кезеңімен бастауға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Сіз өзіңіздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауыңызда транспорт логистикалық әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды дамыту тәсілдерін қайта қарауға, сондай-ақ халықтың ауылдан кетуін азайтуға назар аударып, 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсартуға тапсырма берген болатынсыз. «Еліміздегі ең үлкен мәселенің бірі – жол сапасы.

Жол – экономиканың күретамыры» деген сөзіңіз ел назарында. 2023 жылдың ақпан-наурыз айларында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясындағы Мәжіліс депутаттығына кандидаттармен кездескендегі біздің ең басты талаптарымыздың бірі – Астана-Арқалық қалалары арасындағы 397 шақырымды құрайтын және Торғай (Қостанай облысы) мен Ырғыз (Ақтөбе облысы) өңірлері арасындағы 205 шақырым болатын көлік жолдарының учаскелерін салу және реконструкциялау мәселелері болатын.

2023 жылдың 12 сәуірінде «AMANAT» партиясы фракциясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Бейсенғалиев, А.Рау, Е.Смышляева, Е.Әбіл, С.Мусабаев, А.Мысырәлімова, Ғ.Елеуов «Орталық-Батыс» көлік дәлізі жобасын іске асыруды бастау қажеттілігі туралы депутаттық сауалды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ә.А.Смайыловқа жолдаған екен.

2016 жылы осы аталған көлік дәлізін жобалауға республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге жұмсалып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, 2016 жылдың 1 наурызында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған және жобалық-сметалық құжаттамаларда әзірленген. Дүниежүзілік банкте жобаға деп 977 млн. АҚШ доллары резервтелген. Бірақ, қазіргі уақытта аталған жолдың құрылысы бойынша жұмыстар әлі басталған жоқ.

Бұл жағдай келесі сұрақтарды туғызады: 7 жыл бойы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі осы жоба бойынша қандай жұмыс атқарған? Бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын неге ешкім бақыламаған? Жобалық-сметалық құжаттамасының қолдану мерзімі осы жылдың аяғында аяқталады, биыл жолдың құрылысы басталмаса – 4,5 млрд. теңгені далаға шашқанмен тең емеспе? Мемлекеттің миллиардтаған қаражатының шашылуына кім жауап береді?

1997 жылы Торғай облысы жабылғаннан кейін, көлік дәлізінің ортасында орналасқан бұрынғы аудандарда өмір сүру, жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, еліміздің әр өңіріне көші-қон көбейгенін айта кеткен жөн. Арқалық қаласының қала құрушы кәсіпорны – Торғай боксит кен басқармасы 2021 жылы жабылғаннан кейін өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есе азайып, жұмыссыздық артты. Жаңа көлік дәлізі еліміздің орталығы мен батысының (Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстары) халқын жұмыспен қамтумен қатар, ауыл шаруашылығын, туризмді дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, халықтың ауылдан көшіп кетуін азайтып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Айтылған мәселені ескере отыра, біз орталық және батыс өңірлерінің азаматтары «Орталық-Батыс» көлік дәлізі жобасын іске асыру құрылысын осы жылдан кешіктірмей кезең-кезеңімен бастауды талап етеміз.

Жаңалықтарды мына сілтеме арқылы біздің Telegram-каналдан оқи аласыздар.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Ақтөбе қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы петиция

6 қол қойған

28.09.2023

ШҚО «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» деп өзгерту туралы петиция

3980 қол қойған

2.07.2023

Арал теңізі аймағын экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жариялау туралы петиция

1961 қол қойған

30.06.2023

ALASH online » Барлық петициялар » Орталық пен Батыстың тас жолы туралы петиция
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online