ШҚО «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» деп өзгерту туралы петиция

Telegram-канал
ШҚО «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» деп өзгерту туралы петиция

3980 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 3858
Петицияға қарсымын 122

2.07.2023, авторы Юсупов Адиль Габитович.

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокий ауданындағы «Прапорщиково» ауылының атауын «Бидай қала» атауына ауыстыру мәселесін қарастыру. Себебі: жергілікті тұрғындар сол кенттің атауын бір неше рет өзгерту туралы ұсыныс тастаған, ешқандай шаралар қолданбаған соң, маған петиция жазуға ұсыныс түсті. Облыс, Аудан және Ертіс ауылдық округының Әкімшіліктеріне ұсыныс: «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» атауына ауыстыру.

2023 жылы 2 шілде куні осы мәселе бойынша сол кентте Қоғамдық тыңдалым болу керек еді. Бірақ, атаудың ауыстырылуына қарсы 1000 қол жиналуына байланысты Қоғамдық тыңдалым өткізілмейді деген ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Атауды өзгерту туралы ұсыныс тастаған топ өкілдері өздерінің бастамаларынан бас тартыпты делінген.

Өзіміздің Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Катон-қарағай, Үлкен Нарын аудандарында орысша атауымен бір де бір елді мекен жоқ, ал облыс орталығы маңындағы ауыл, кенттердің атауларының басым бөлігі әлі күнге дейін орыс тілінде. Сол себепті Құрметті жерлестер, журегі Қазақ, жаны Қазақ әрбір отандастарды аталған мәселеге немқұрайлы қарамай, белсенді қатысуға шақырамын!

Жаңа Қазақстанда жаңа тарих жазу біздің қолымызда! Осы мәселеге бірге жұмыла ат салысайық, Ағайын!

Жаңалықтарды мына сілтеме арқылы біздің Telegram-каналдан оқи аласыздар.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Ақтөбе қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы петиция

6 қол қойған

28.09.2023

Арал теңізі аймағын экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жариялау туралы петиция

1961 қол қойған

30.06.2023

70 000 теңгелік әлеуметтік жәрдемақы туралы петиция

49064 қол қойған

16.06.2023

ALASH online » Барлық петициялар » ШҚО «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» деп өзгерту туралы петиция
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online