Ақтөбе қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы петиция

WhatsApp-канал
Ақтөбе қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы петиция

53 қол қойған. Нәтижені басып шығару.

Мен қолдаймын 51
Петицияға қарсымын 2

28.09.2023, авторы Жомарт Қартбаев.

Құрметті Отандастар!

«Азаматтық бастамалар орталығы» Қоғамдық Қозғалысы (бұдан әрі «АБО» ҚҚ) Сіздердің назарларыңызды бір мәселеге аударғымыз келеді: ол Ақтөбе аймағы үшін өзекті бүгінгі және болашақтың басты мәселесі – қала және облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесіне (канализация) қатысты нақты іс-әрекеттер туралы.

Сіздердің назарларыңызға төмендегі Үндеуге (петиция) аударамыз! Бұл Үндеудің мақсаты - қойылып отырған талаптардың орындалуын талап ету және оған Сіздердің қолдарыңызды жинау арқылы атсалысуларыңызды сұрап, қордаланған әрі маңызды мәселені бірігіп шешу!

Негіз:

Қалалық әкімдікте «АБО» ҚҚ-ның мүшелерінің және мүдделі тұлғалардың өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс тобының отырысында «Ақтөбе аумақтарын дамыту мәселелері» сұрақтары қаралу барысында «Aktobe su-Energy group» АҚ-ның бас директоры Е. А. Блиев ауыз суға тапшы болып отырған аудандарға «Су бермеймін!» - деген мәлімдеме жасады. Ол өзінің жасаған даулы мәлімдемесінің себебін түсіндірмей, дәлел келтірмей, әлі түбегейлі шешілмеген, ҚР «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті тұрғындар арасында талқыланбаған 100 миллиардтық «Су жобасына» сеніп отырғандығын білдіреді!

Халыққа су керек-бұл өмірлік қажеттілік!

Өкінішке орай, Ақтөбе қаласының су жағдайын егжей-тегжейлі талдасақ, ондаған жылдар бойы бір жағынан көктем-күздегі еріген суға батып, екінші жағынан ауыз су тапшылығы күшейіп келе жатқанын көріп отырған қаламызды сумен қамтамасыз етуші мекеме «Aktobe su-Energy group» АҚ-ның шарасыздығын және жылма-жыл түрлі «іс-әрекеттерге» бюджет қаржысын лажсыз жұмсаудан басқа қолдарынан ешнәрсе келмейтінін көрсетті!

Сонымен, тұрғындардың қажеттілігіне арналған 120-130 мың текше метр көлеміндегі ауыз судың үштен бірін заңдылықтарды бұза отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілер «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ы («Актобе-ТЭЦ») және «АХЗС» АҚ-ы алып отыр.

Осы жерде айта кететін жәйт, «АХЗС» АҚ-ы су көздерін алты валентті хроммен ластап отырғанымен қоймай, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ы жылу электр орталықтары жүйесінде қолдануға болатын жағдайына дейін суды тазарту процесін (рециркуляция) жүргізбейді!

Жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып келесі Петиция ұсынылады:

1. «Aqtobe su -Еnergy group» АҚ-ның бас директоры Е. А. Блиев Ақтөбе қаласының тұрғындарын жүйелі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге құлықсыздығы мен қабілетсіздігінің айқын белгілері бойынша атқарып отырған лауазымынан босатылсын!

2. Ақтөбе қаласының ауыз суын тұтынушылар қатарынан заңды тұлғалар – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «АХЗС» АҚ-ы алынып тасталсын!

Оларға технологиялық стандарттар мен талаптары, техникалық шешімі бөлек басқа су көздерін пайдалану ұсынылсын!

Жаңалықтарды мына сілтеме арқылы біздің WhatsApp-каналдан оқи аласыздар.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарын хабардар етіңіз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

Басқа петицияларды қолдаңыз

Қытайлық инвесторларға 100 000 гектар жерді жалға беруге қарсы петиция

47 қол қойған

23.11.2023

Көліктерге төленетін алғашқы жарнаның 50 пайызға қысқарту туралы петиция

15 қол қойған

18.11.2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке өзгеріс енгізу туралы ҚР Президентіне петиция

1665 қол қойған

17.11.2023

ALASH online » Барлық петициялар » Ақтөбе қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы петиция
Бұл сайт онлайн-петицияларды орналастыруға арналған интернет-ресурс болып табылады. Қол қою процесі әлеуметтік желілердегі репосттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қоғамдағы проблеманы барынша жария етуге мүмкіндік береді. Сайт тек ақпараттық сипатқа ие және авторлардың пікірімен бөліспейді.

Сұрақтарыңыз болса alashonline@proton.me поштасына жазыңыз. Сайтқа кірген қолданушылар санын мына сілтемеден көре аласыз.

Telegram

© ALASH online