Петиция! Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін!

Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ұйғыр ауданының атауын Қарадала немесе Шарын деп өзгертуге ұсыныс жасады.

«Бұл мәселе көп жылдан бері талқыланып келеді. Қоғам белсенділері бірнеше рет хат жазған. Бұқаралық ақпарат құралдарында қаншама мақалалар жарияланды. Халық «бұл ескі мәселе Жаңа Қазақстанға ауыса ма?» деп жиі сұрайды» дейді депутат.


Аудан атауын «Қарадала» немесе «Шарын» деп өзгерту керек. Неге Шарын? Өйткені бұл аймақта Шарын өзені ағып жатыр және Шарын шатқалы орналасқан.

Біз, Қазақстан халқы Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін деп талап етеміз!

11.04.2022. Авторы Мақсат Абай, поштасы maksat01011973@yandex.kz.

Сілтеме: https://alash.online/1367-sharyn.html

Кері қайту