Петиция! Кенесары ханның басы 220 жылдығына орай Ресейден елімізге қайтарылсын!

Кенесары ханның туғанына 220 жыл. Кенесары Қасымұлы - Қазақ сұлтаны, Орта жүздің ханы, Қазақстан аумағындағы отарлық-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, Абылай ханның немересі. 1802 жылы туған, 1847 жылы қайтыс болған.

1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.

Кенесары ұсталып және тұтқында үш айдай болған. Содан оны өлтіру туралы шешім қабылданды. Көз жұмбас бұрын Кенесары намаз оқуға рұқсат сұраған. Басынан айырылды. Оның басы балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйланған.

2021 жылы Кенесарының басы Омбы қаласынан табылған. Генетикалық сараптамадан кейін Кенесары ханның 220 жылдығына орай Қазақстанға қайтарылатыны хабарланған. Бірақ әлі де қайтарылмады.

Біз, Қазақстан республикасының халқы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Кенесары ханның басын 220 жылдығына орай елімізге қайтару туралы шешім қабылдауын талап етеміз!

13.05.2022. Авторы Әбіл Мерей, поштасы abilmereikz@inbox.ru.

Сілтеме: https://alash.online/1405-kenesary.html

Кері қайту