Қазақстандағы ЛГБТ пропагандасына қарсы петиция

2022 жылы шілде айының 14-күні елімізде ЛГБТ пропагандасының жаңа ағымы басталғалы тұр. Бір жыныстағы адамдардың бір-біріне махаббат сезімін білдіретін көріністерді ашық түрде барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Бүкіл әлемде «Базз лайтер» атты мультфильм прокатка алынып жатыр, ал кейбір араб елдерінде оған тыйым салынған, себебі бұл мультфильм қоғамның құрылуына негіз болған базалық құндылықтарды бұзады.

Ата бабаларымыз Қазақ хандығы құрылуынан бастап Ислам дінін ұстанып келді, біздің барлық дәстүр, қағида, ой-өрісіміз, қоғамдық қарым-қатынасымыз Ислам дінімен бірге қалыптасып кеткен. Біз үшін бұл мультфильмді біздің елімізде көрсетілуі дұрыс емес. Біздің дініміз ЛГБТ сферасына қатысты барлық белгілерге қатаң тыйым салады.

Біз, адамның, әсіресе жас баланың санасына теріс пікір қалыптастыратын ЛГБТ ның кез келген пропагандасына қарсымыз! Әрбір мультфильм арнайы психологиялық әдістермен, эмоцияға әсер ететін музыка мен визуалды технологияларды қолдану арқылы сюжеттерді жағымды және тартымды етіп көрсетеді. Өмірлік ұстанымы қатаймаған, психикасы мен құндылықтары енді түзіліп келе жатқан жас бала бұл материалды объективті және адекватты түрде бағалай алмайды, арнайы топтар мен өндірушілер осыны есепке алып осындай қадамдарға барып отырғаны сөзсіз.

Біз, ата-аналар, балаларымызды осы ЛГБТ ның зиянды әсерінен қорғауымыз қажет, әлемде теріс құндылықтарды тудыратын пропагандаға жол бермеуіміз керек. Балаларымызды дамып келе жатқан теріс әсерден қорғау үшін бұл мультфильмнің қөрсетілуіне ТЫЙЫМ САЛЫНУҒА ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

25.06.2022. Авторы Иман Қуанышқызы, поштасы aiko0205@gmail.com.

Сілтеме: https://alash.online/1424-lgbt.html

Кері қайту