Құрметті Қазақстан Республикасының Таеквондо Федерациясының президенті Ким Вячеслав Константинович, барлық ата-аналар атынан, 6-7 жас аралығындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатының болуын талап етеміз.
2021 жылы балаларымыз Таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып өте жақсы нәтиже көрсетті, сонымен қатар балалар үлкен спорт әлемінде жақсы ынта алып әрі қарай әлем чемпионатына қатысуына ынта туды.
2022 жылы «Балалар жылында» чемпионатты тосып жүрген балалардың үмітін үзбей қатыстыруыңызды өтінеміз. Спорт балаларымызды өсіп-өнуімізге үлкен үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайтып, күш қуатын арттырып баланың жақсы жаққа тәрбие алуына, жаман жолға түспеуге үлес қосары анық.
Ал балаларды қолдап жүрген ата-аналар жарыс жарнасын төлеуге әзірміз. 2022 жылдың 12-17 қыркуйекте Түркістан қаласында болуын талап етеміз. Ұрпақ тәрбиелеу біздің болашағымыз. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты болуына үлес қосу бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз!
6.08.2022. Авторы Амантауова Еркежан Қайырғалиевна, поштасы erke_beauty@mail.ru.
Сілтеме: https://alash.online/1448-chempionat.html
Кері қайту