Ежелгі Түркібасы атауын Түлкібас ауданына қайтару туралы бастама

ALASH online сайтының әкімшілігі осы бастамаға 141 адам қатысқанын растайды. 141 қолдады, қарсы шыққаны 0. Анықтама талап ету орнына берілген.

Түркі басы – түркілердің түб бабасы Абулжа-ханмен байланысты. Түркілердің басталған жері. Қазақтың жері терең тарихқа тұнған, оған көптеген топонимдер (жер атаулары) дәлелдеп отыр. Қазығұрт тауына Нұх пайғамбар кемесі тоқталғанын білеміз. Нұх пайғамбардан үш ұл қалған Сам (Сим), Хам және Йафес (Йафет). Осы Йафет ұлынан түркілер таратылады. Сол Йафет ұрпағының бірі Абулжа хан.

Түркі-қадымша тілінде «кур» сөзі мен «куз» сөзі бір түрлі мағына, яғни «тақ», «хан тағы» деген мағынаны аңғартады. Сондықтан Куртау деген сөзден Хан тағы тау деген мағына шығады. Бұл тау - қазіргі кездегі ОҚО, Жамбыл облыстары аумағындағы Қаратау тауы. Өртау мен Куртаудың бір-бірімен ұштасатын жері қазіргі Түлкібас ауданы, сондай-ақ ол Талас пен Кәрі Сайрам қалаларының аралығында орналасқан. Ол жер қазіргі дәуірде Түлкібас аталғанымен, оның бұрында Түркібас деп аталғандығы жайлы көптеген ауызекі деректер бар. Сондықтан Түркібас деген сөз – сол баяғыдағы түркілердің ең алғашқы ата қонысы болған – жалпы түркілердің бастау алатын алтын бесігін меңзейтін сияқты.

Осы деректер түркілердің ең үлкен атасы Абулжа хан өзінің балаларымен келіп ең алғашқы тұрақтап тұрғызған қалалары Талас пен Кәрі Сайрам екендігін және олардың ең ежелгі қысқы қыстаулары мен жазғы жайлаулары осы қалаларға жақын Маңайда орналасқандығын, содан түркілер ең алғашында осы өңірде көбейіп, сосын барып басқа жақтарға тарағандығын көрсетеді.

Орта ғасырлық тарихшы шейх Абу-л Фазл Аллами (1551-1602) түркі халықтарын Йафеттен (Яфис) таратады. Йафет Нұх пайғамбардың ұлдарының ішіндегі ең әділі болған және оның ұрпақтары шығыс елдерімен түркілерді билеген деп жазған.

Тарихшы Дархан Қыдырәлі зерттеуі бойынша кезінде түрік тарихының аса білгір ғалымы, академик В. Бартольд Түркістанға ғылыми іссапармен келген 1893 жылы Түлкібасқа арнайы ат басын бұрып, аймақты аралап көріп, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, бұл жердің ертеректе Түркібасы аталғанын, ал, Түлкібасы атауының кейінірек жаңылыс айтылғанын алға тартыпты (Отчет о командировки в Среднею Азию. Москва, 1986).

Расында, академик В.В.Бартольд табан тіреген уақытта бұл өңір Түлкібас емес, Түлкібасы деп аталған екен. Оны Майлыкенттен шыққан шайыр, молла Мәди Меркішұлының ХХ ғасыр басында жазған өлең-жырларынан да айқын аңғаруға болады. 1917 жылы Ташкентте жарық көрген «Тухфейе жумһурийет» атты кітабында молла Мәди: «Бардым Түлкібасыға», «Түлкібасы қыстағына жинап алып» деп жырлайды. Жәнеде әрі қарай «Түп атамыз түрік еді, Баста бұйра бөрік еді» - деп айтқандай, Түркібасы атауы расында түрікке қатысты қойылған ат болу керек.

Ал енді Түлкі қызыл тілімізге қайдан ілініп, қалай ғана оралып қалғанын біле алмай, бірнеше ғасырдан бері ақылымызды арса етіп келген Түлкібас Түркібасы-нан емес, осы түлік-тен, түлік басы-нан түрленген болуы кәдік. Бұлай дейтініміз – мал басы, төл басы, түлік басы дейтін атау сөз, деп сөйлеу қазақ тіліне тән құбылыс әрі күні кеше, өткен ғасырдың 70-жылдарында-ақ үлкен апаларымыздың Түлік-басы деп, бұл сөзді, ел атын осылай ажырата айтатыны да жадымызда.

https://turki.kz/t-lki-deudi-negizi/

«Бөрілі байрақты ұран» етіп, «жаным – арымның садағасы» деген, басын бәйгеге тіксе де намысын қолдан бермеген бабаларымыз түлкіні әсте үлгі тұтпаған. Сондықтан болар, біздің білуімізде, түркі жұртында түлкіге байланысты жер атаулары кезіге бермейді. Жәнеде Түлкібас ауданының таңбасында түлкі емес «тау арқары» бейнеленіп тұр.

QR

9.01.2024. Авторs Абдулла Аслан Сырымұлы, поштасы aseke80@bk.ru.

Сілтеме: https://alash.online/1684-tulkibas.html

Кері қайту