ШҚО «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» деп өзгерту туралы бастама

ALASH online сайтының әкімшілігі осы бастамаға 4303 адам қатысқанын растайды. 4177 қолдады, қарсы шыққаны 126. Анықтама талап ету орнына берілген.

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокий ауданындағы «Прапорщиково» ауылының атауын «Бидай қала» атауына ауыстыру мәселесін қарастыру.

Себебі: жергілікті тұрғындар сол кенттің атауын бір неше рет өзгерту туралы ұсыныс тастаған, ешқандай шаралар қолданбаған соң, маған петиция жазуға ұсыныс түсті. Облыс, Аудан және Ертіс ауылдық округының Әкімшіліктеріне ұсыныс: «Прапорщиково» кентінің атауын «Бидай қала» атауына ауыстыру.

2023 жылы 2 шілде куні осы мәселе бойынша сол кентте Қоғамдық тыңдалым болу керек еді. Бірақ, атаудың ауыстырылуына қарсы 1000 қол жиналуына байланысты Қоғамдық тыңдалым өткізілмейді деген ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Атауды өзгерту туралы ұсыныс тастаған топ өкілдері өздерінің бастамаларынан бас тартыпты делінген.

Өзіміздің Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Катон-қарағай, Үлкен Нарын аудандарында орысша атауымен бір де бір елді мекен жоқ, ал облыс орталығы маңындағы ауыл, кенттердің атауларының басым бөлігі әлі күнге дейін орыс тілінде. Сол себепті Құрметті жерлестер, журегі Қазақ, жаны Қазақ әрбір отандастарды аталған мәселеге немқұрайлы қарамай, белсенді қатысуға шақырамын!

Жаңа Қазақстанда жаңа тарих жазу біздің қолымызда! Осы мәселеге бірге жұмыла ат салысайық, Ағайын!

QR

2.07.2023. Авторs Юсупов Адиль Габитович, поштасы yusupov.adil@mail.ru.

Сілтеме: https://alash.online/1588-bidai.html

Кері қайту