Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгерту туралы бастама

WhatsApp-канал
Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгерту туралы бастама

50 дауыс. Нәтижелерді басып шығару.

Мен қолдаймын 47
Бастамаға қарсымын 3

6.06.2024, авторы Абдулла Аслан Сырымұлы.

Павлодар тұрғындары.
Павлодар облысы және қала әкімшілігі.
Республикалық ономастикалық комиссия.

Павлодар қаласын Ертіс атауына ауыстыру туралы қазақ тілді азаматтардың назарында баяғыдан жүр, бірақ саяси ахуалға байланысты бұл сұрақты қайта-қайта қалдыра береді. Өзгертетін уақыт келді.

Коряков станицасын 1861 жылы император Романов Александр II өзінің кіші ұлы Павелге сыйлық ретінде қаланың атын берді. Дар Павлу, Павлу дар – Павлодар. Бірақ Александр және ұлы Павел бұл қалада тұрмаған, ауасын жұтпаған суын ішпеген. Бұл өңірді ежелден түркілер мекендеп, өзеннің жағасында Қимақтардың екі астанасы болған, Шыңғыс хан осы Ертістің бойында тоқтаған, және Жошы ханның осы Ертістің бойында ордасы болған.

Қалаға Қимақ атауын қарастыруға болатын еді бірақ жергілікті халықтың түп-санасына Ертіс атауы жақын болып тұр. Әлемдегі Сан Антонио (АҚШ), Оттава (Канада), Кабул (Афганистан), Харьков (Украина), Вильнюс (Литва), Амурск, Волжск, Тобольск (Ресей) осы атаулы өзендердің жағасында орналасып атын алған.

Осы өзен атауын «Ертіс» олимпиадалық бассейні, «Ертіс» мультимедиялық музей, «Ертіс-Медиа» облыстық ақпараттық холдингі, және ең бастысы халыққа күнде көретін «Ертіс» телеарнасы қолданып жүр, Бизнес өкілдері де қалыспай «Ертіс Агро», «Ertis group» «Социально-предпринимательская корпорация «Ертіс» ЖШС «Ертіс сервис», ТОО «Казахстанская торговая компания Ертіс» деген атаумен аты шығып жүр.

Әрине бұл бастамаға қарсы болатындар бар, бұл сұрақты оңай шешуге болады. Павлодар қаласының қасында 14 км. жерде 1927 жылы құрылған Павлодарское деген ауыл бар. Жалпы Павлодар облысының 10 ауданының барлығында өздерінің аудан орталықтары бар. Мысалы: Ақтоғай ауданының орталығы – Ақтоғай ауылы; Баянауыл ауданының орталығы – Баянауыл ауылы, тек Павлодарский ауылының орталығы Павлодар қаласына қарайды. Әкімшілік орталығы қалада.

Осы Павлодарский ауылына аудан әкімшілігін, аудан полициясын, емхана, төтенше-жағдайлар т.б. мекемелерді көшіріп және Павлодарский ауылының «-ский», «-ское» жұрнақтарын алып тастап, «Павлодар» атап жеке аудан орталығы етіп шығару керек. Сөйтіп Ертіс атауын өзгертуге дау шығаратындарға «Павлодар» атауын сақтап Павлодардың өзін Ертіс деп өзгертуге болады.

Және де осы орталыққа атауын өзгерту қиынырақ болатын ТОО «Павлодарсоль», Павлодарский трубопрокатный завод, Павлодарский нефтехимический завод, Павлодарский машиностроительный завод, Павлодарский котельный завод, Павлодарский судостройтельный завод, Павлодарский керамический заводтарды ірі кәсіпорындардың орталық офистарын тіркеуі керек.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарына хабарлаңыз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

EN KZ RU

Басқа авторларды қолдаңыз

«Қызылжар» көне атауын солтүстіктегі қаламызға қайтару туралы бастама

29 дауыс

7.09.2024

Қазақ тілін құтқаратын мультфильм бастамасы

133 дауыс

13.08.2024

Зайырлы заңмен «Шариғи неке қиюға» тыйым салу қажет!

267 дауыс

17.05.2024

ALASH online » Қазақша » Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгерту туралы бастама
Қоғамдық ұйымның сайтына кіре отырып, сіз бізбен заңды түрде міндетті келісім жасасқаныңызды растайсыз, Сайт ережелерін қабылдайсыз және оны толыққанды қатаң сақтауға міндеттенесіз. Сайтқа кіру және оны пайдалану біздің Құпиялылық саясатымызбен де реттеледі.

Басқа сұрақтар бойынша alashonline@proton.me поштасына жазыңыз, біз сізге жауап береміз. Сайттың ашық статистикасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Telegram TikTok GosRating.com

© EGOV.PRESS