13.08.2024, авторы Абдулла Аслан Сырымұлы.
Қазіргі таңда еліміздің демографиялық санау бойынша славян халықтары өз тарихи отандарына көшіп қазақтар саны өсті, бірақ мектептерде орыс тілді сыныптарды қазақ балдары толтыра бастады. Ірі қалаларда аулада ойнап жүрген қара домалақ балалар бір бірімен орысша сөйлеседі.
Бұл қалай болды?
XXI ғасырда телекоммуникация дамып бүкіл әлем бірінші телевизорларға үңіліп екінші ғаламтор кеңінен дамып ақпарат алмасып және БАҚ-нан ақпарат алып отырмыз.
1990 жылдар орталарынан бастап еліміздің ірі қалаларында кабелді телеарналар және өңірлерде спутник антеннасымен көретін телеарналар кеңінен тарады. Ол жылдары қазақ телевидениесі әлі толық дамымаған сол себепті қазақ қоғамы көретін көп бағдарламалар Ресей телеарналарынан болды. Ресей телеарналары көптеген шоу, бағдарламалар, кинолар, мультфильмдер ұсынды.
Осы жылдары дүниеге келген бүлдіршіндеріміз орыс тілінде мультфильмдер тамашалай бастады. Қазіргі заманның бүкіл әлем бүлдіршіндері әлемді, қоршаған ортаны мультфильм арқылы қабылдайды. Бала психологиясы мультфильм ішіне кіріп кетеді, сол мультфильм әлеміндегі тілді қабылдап ой-парасаты соған бейімделіп сол тілді түсініп, сол тілде қиялдап, сол тілде сөйлей бастайды. Сол себептен үйінде ата-аналары қазақша сөйлегеннің өзінде сәбилердің тілдері орысша шығады. Әрі қарай бала қиналмасын деп онымен орысша сөйлеседі кейін орыс сыныбына береді.
2000 жылдардан бастап смартфондар әлемге кең таралып қазіргі бүкіл адамзаттың қолында бар және бүлдіршіндерімізді тыныштандыру үшін қолдарына ұстатып қойдық. Олар YouTube желісінен мультфильмдер көріп отырады. Әріне ең көп ұсынған мультфильмдер орыс тілінде.
Бұл ойланатын жағдай, өйткені қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстікпен батыс өңірлерінің өзінде сәбилеріміздің тілдері орысша шығып жатыр. Ал енді мемлекет тарапынан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
TIJI және NICKELODEON каналдарын қазақ тіліне аудара бастады, ол қуанышты жағдай бірақ жұмыс баяу жүріп жатыр. Қазіргі таңда елімізде балаларға арналған бағдарламалар көрсететін жалғыз «Балапан» арнасы бар.
Бүгінгі ТV арнасында түрлі керек емес «ақпараттық-қоқыс» көбейіп кетті, ұрыс керіс өсек айтатын шоулар басым болып кетті. Соның орнына бүлдіршіндерімізге қазақ тілінде түрлі бағдарламар шығару керек. Мысалы жануарлар әлемін, география әлемі, ғарыш әлемі түрлі жаңа технологиялар. Қазақ балалары осы ақпараттың бәрін орысша алады.
Кезінде Франция радиоларында Америкалық музыка көбейіп кеткен, сол кезде мемлекет басшылары Америка музыкасын қысқарту туралы заң қабылдаған. Тағы сол Франция Германия Италия елдерінде кино/мультфильмдерді басқа тілде көрсетпей түгілі туристермен ағылшынша сөйлеспейді, ағылшынша сұрағандарға өз тілінде жауап береді. Өз тілдеріне құрмет өте жоғары.
Елімізде кино түсіру саласы едәуір өсті, бірақ солардың көбісі орыс тілінде. Бұл шоу-бизнес болғасын бірінші орында кассалық табыс ал патриоттық сезім кейінірек тұрады, киноға орыс тілділер көбірек келеді деген оймен коммерциялық мақсат тұрады. Шерхан Муртаза ағамыз айтқандай: Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.
Қазақ тілінде мультфильм шығарылуы аз, шет елден келетін материал көп. Мысалға бүлдіршіндеріміз youtube жиелісінен көретін «Маша мен аю» мультсериалы көрсетілімін 2009 жылы бастап ол қызық болып бүкіл әлемді жаулап алды 39 тілге аударылды, 150-дей мемлекет көріп жатыр. YouTube-та көрілімі 100 млрд. жетті. Ал 2009 жылдан бері қанша буын бүлдіршіндер осы мультфильмі ана тілінде көрмей өсіп қазір жасөспірім жасына жетті.
Ал енді бала өз ана тілінде мультфильм көрмей өсіп әрі қарай жастар сериалдарына және неше түрлі жанрдағы кинолар көре бастайды. Бұған тағы бір мысал бүкіл әлемді жаулап алған NETFLIX кинокорпорациясы, қазір ең рейтингі жоғары жастар көретін сериалдарды шығарады, өкінішке орай қазақша аударма жоқ. Бізде аударатын апа әжелеріміз көретін түрік үнді сериалдар. Жағдай осылай жалғаса берсе тіл катастрофасына ұшыраймыз.
90 - жылдары бұл мәселе көзден тыс қалып қойды. Көрші Өзбек ағайындар егемендік алғалы өздерінің мәдениеттеріне көңіл бөліп шетел киноларын дубляждап қазір өздері жақсы кино түсіру деңгейіне жетті, тілді сақтады.
Ел болам десең бесігіңді түзе дейді атам қазақ. Осыған орай осы аудару жұмысын алға қою керек, арнайы бұл проблеманың жан жағын зерттейтін жұмыс комиссиясын құру керек. Бұл мәселенің тағы бір шешімі жеке кәсіпкерлерге беріп мемлекеттен субсидия бөліп әр облыс орталықтарда, бүкіл қалаларымызда «Дубляж орталықтарын» ашып кеңінен дамыту керек. Бұл жерде екі мәселені шешеміз біріншіден мультфильмдерді/киноларды қазақ тіліне аударамыз. Екіншісі қоғамда дубляж жасау бизнесін дамытып біраз жұмыс орындар ашуға болады. Жыл сайын бізде қаншама студенттер аудармашы, лингвист, филолог, дыбыс режиссерлары оқу орындарын бітіруде, осы жастар бұл жұмысты тез арада жаңа ChatGPT технологиялармен өңдеп «қазақ тілінде» мультфильм, кино, үйрену, зерттеу, тақырыбында көптеген материалдарды ұсынар еді.
Және жоғары рейтингте мультфильм шығаратын Walt Disney Animation Studios, Pixar, DreamWorks Animation, Illumination, Blue Sky Studios, Sony Pictures Animation студиялармен қарым қатынас жасап қазақша аудару мәселелерін шешу керек.
Лондонда «Болашақ» білім беру бағдарламасымен оқып жүрген екі қазақ студент өзара орысша сөйлесіп тұрған екен. Оларға жасы келген бір ағылшын азаматы қарап тұрып:
- Сөйлескендеріңді түсініп тұрмын кішкене орысша білетін едім, бірақ орысқа ұқсамайсыңдар, қай елдің азаматысыңдар ?
- Біз қазақпыз дейді студенттер.
- Онда неге қазақша сөйлеспейсіңдер ? Тек құлдар өз қожайынның тілінде сөйлеседі депті. Ғабит Мүсірепов атамыз айтып кеткендей: Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарына хабарлаңыз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.