«Қызылжар» көне атауын солтүстіктегі қаламызға қайтару туралы бастама

WhatsApp-канал
«Қызылжар» көне атауын солтүстіктегі қаламызға қайтару туралы бастама

21 дауыс. Нәтижелерді басып шығару.

Мен қолдаймын 19
Бастамаға қарсымын 2

7.09.2024, авторы Абдулла Аслан Сырымұлы.

Табиғаты сұлу, көне атауы Қызыл-Жар деген жерде қазақ беймарал көшіп қонып жүреді. 1752 жылы Романова Елизавета Петровнаның тұсында Ресей империясының сенаты оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында жаңа Есіл бойында қорғаныс құрылысын жедел бастау қажеттігі туралы шешім шығарды. Сенаттың 1752 жылғы 25 ақпандағы жарлығымен генерал Киндерманға Ертістегі Омбы бекінісінен Тобылдағы Звериная Голова трактіне дейін бекіністер шебін салу бұйырылды.

Сол жылы оңтүстік сібірде Жаңа-Есіл қорғаныс желісінің құрылысы басталды. Есіл бойындағы бекіністердің бірі Святой Петр бекінісі болды. Бұл бекініс 1807 жылы Петропавл қаласы болып өзгертілді. Осы мәтіннен көріп отырғанымыздай жерімізге келіп «қорғаныс бекіністер» салған, ал енді кімнен қорғанған? Сонда қазақтан қорғанамыз деп керісінше біздің жерге қала салып кетті ма?

Бұл жерді әр-қашан қазақ мекендеген «Қызылжар көп қазаққа арман дерсің, Керейде Толыбай сыншы туын тігіп, атыңды «Қызылжар» деп бабам қойған деген өлең шумақтары бар. Ал Толыбай сыншы - ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. XVIII-да өмір сүрген Қожаберген жыраудың өлеңдерінің бірінде Қызылжар атауы кездеседі.

Николай Середа 1868 жылғы жазған «Кенесары көтерілісі» кітабында хан Кененің жазған хатын келтіреді: «Мы Кенисары со времени деда нашего Аблай Хана, жили с русскими как братьями. Русские же из Омска и Кызыл-яра, будучи против нас не давали нам покая...» сонда Петропавл деп тұрған жоқ, қазақтың тілі үйренген Қызылжар деп тұр хатында.

1925 жылы 19 қыркүйек күні Петропавловск қаласын Қызыл-Жар атауына ауыстыру туралы Қазақ орталық сайлау комиссиясы Президиумының қаулысы шықты.

Бұл құжатта ауыстыратын себептерін былай белгіледі:

1. Петр және Павел христиан әулиелерінің атаулары шаруа класстарының атеистік көзқарастарына сәйкес келмейді.

2. Қызыл-Жар атауы қазақ арасында баяғыдан қолданылады.

Осы қаулыға қол қойған Қазақ орталық сайлау комиссиясы Президиумының төрағасы Жалау Мынбаевпен және осы ұйымның хатшысы Бекайдар Аралбаев. Әрі қарай осы құжатты Санжар Асфендияров қолдап қол қойып ол кездегі кеңес үкіметі астанасы Мәскеуге жіберіледі. Бірақ Мәскеу осы кезде Қазақстанға Филипп Голощекинды жібереді. Ф. Голощекин келгелі саяси қуғын-сүргіндер басталады. 1926 жылы 25 қаңтар күні Қазақстан аймақ комитетінің пленумінде Жалау Мынбаевты ұлтшыл деп кінәлап оған іс қозғайды. 1927 жылы қызмет орнынан алып тастады, ал 1929 жылы 16 қараша күні 37 жасында Мынбаевты өлтірді. Екінші құжатқа қол қойған Бекайдар Аралбаевты 1933 жылы тұтқында КарЛАГ-қа жібереді. Кейін Ресейдегі лагерлерге жібереді. 1952 жылы қайтыс болады. Ұлт жандар Сталинның кезінде өз қалаларын қазақша атауға ауыстырғысы келген.

Алғашқы егемендік алған жылдары неге Гурьевты Атырау деп ауыстырған сияқты Петропавлоск атауын ауыстырмаған деген сұрақ туындайды. Өйткені ол жылдары солтүстік өңіріндегі қазақтар саны тым аз болды. Аз болу себебі Ф. Голощекин 1931-1933 жылдары ұйымдастырған ашаршылық қазақтың санын 2,3 млн.-нан (Роберт Конквесттың санауы) 3,25 млн. (Абылхожин , Қозыбаев, Татимовтардың санауы бойынша 1981) дейін адам қаза тапқан. 1 млн. адам шет елге қоныс аударған. Ал пайыз бойынша шығыс Қазақстанда адам шығыны 64,5%-ын құрады, солтүстік Қазақстанда адам шығыны 52,3%; батыс Қазақстанда – 45,0%; оңтүстік Қазақстанда – 42,9%. Енді шығыста 64,5% болғанмен бұл өңір Қытаймен шекаралас болғасын ең көп эмиграция осы аймақта болған. Сол себепті бұл жерде адам шығыны емес жалпы халық саны азаюды есептеген. Сонда адам шығыны ең көп зардап шеккен солтүстік Қазақстан өңірі болып тұр. Сол себепті 90 жылдары қазақ саны аз болды, бірақ қазір санымыз едәуір өсіп осы мәселені қолға алу керек.

Саяси қуғын сүргіндердің, аштық кезінде қаза тапқандардың аруақтарын сыйлап Қызылжар атауын қайтаруына ат салысыңыз.

Осы петиция туралы жаңалықтар ресурстарына хабарлаңыз. Тек осылай ғана біз қоғамдық резонансты көтеріп, биліктің назарын проблемаға аудара аламыз.

EN KZ RU

Басқа авторларды қолдаңыз

Қазақ тілін құтқаратын мультфильм бастамасы

131 дауыс

13.08.2024

Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгерту туралы бастама

45 дауыс

6.06.2024

Зайырлы заңмен «Шариғи неке қиюға» тыйым салу қажет!

267 дауыс

17.05.2024

ALASH online » Қазақша » «Қызылжар» көне атауын солтүстіктегі қаламызға қайтару туралы бастама
Қоғамдық ұйымның сайтына кіре отырып, сіз бізбен заңды түрде міндетті келісім жасасқаныңызды растайсыз, Сайт ережелерін қабылдайсыз және оны толыққанды қатаң сақтауға міндеттенесіз. Сайтқа кіру және оны пайдалану біздің Құпиялылық саясатымызбен де реттеледі.

Басқа сұрақтар бойынша alashonline@proton.me поштасына жазыңыз, біз сізге жауап береміз. Сайттың ашық статистикасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Telegram TikTok GosRating.com

© EGOV.PRESS